Туымыздың мәртебесін түсірмейік

21 мамыр күні газетіміздің сайтында жарияланған «Желбірейді жалаулар» мақаласына орай  Қостанай облысының прокурорына да сауал жолдаған едік. Құзырлы орган аталмыш фактіге қатысты жазбаша түрде жауап қайтарды. Облыстық прокуратураның 1-ші Басқарма бастығы А.Сыздықовтың хатында ҚР Конституциясының 34 бабына сәйкес әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екендігі айтылған. Қолданыстағы заңнамаға сай ел аумағында шет елдердің мемлекеттік рәміздерін қолданғаны үшін жауапкершілік көзделмеген.234ddxs Алайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13 бабында Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені жазылған. Яғни, өзге елдің туын төбемізге көтеріп, өз Туымыздың қәдір-қасиетін төмендетуге жол берілмеуі тиіс! Құқық қорғау органының жауабының толық нұсқасын мына суреттен оқи аласыздар.Документ прокуратуры

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓