Колл-орталық іске қосылды
Қостанай облысының Полиция департаментінде Ресей Федерациясынан әкелінген автокөлік жүргізушілеріне арналған Колл-орталық жұмысын бастады.
Енді Қостанай облысының кез келген тұрғыны 8 (7142) 55-81-28 телефон нөмірі бойынша ресейлік нөмірі бар көлікті пайдалануға және тіркеуге қатысты сұрақтарын қоя алады, сондай-ақ ІІМ-нің есептік деректері бойынша өз автокөлігінің РФ-да тіркелген-тіркелмегенін тексере алады.
Колл-орталық сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.