Ерлігі ел жадында
Биыл Дархан Базарбаевтың өмірден өткеніне үш жыл. Осыған байланысты Қостанай облысы ПД Дархан Базарбаевты еске алуға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Естеріңізге сала кетейік, Дархан Базарбаев 2020 жылы19 қаңтарда Қостанай облысында өз отбасын пышақтамақшы болған қаскөйдің қолынан қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен Дархан Базарбаев III дәрежелі "Айбын" орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды.


– Үш жыл өтсе де Дарханның жоқтығы жүрекке ауыр тиеді. Ол әрқашан біздің есімізде қаһарман болып қалады. Отанға қызмет етудің және батылдықтың үлгісін көрсетті, – деп еске алады Дарханның әріптестері.
