Ақтық сапарға шығарып салды

Белгілі көркемсөзші, мәдениет саласының майталманы Кеңес Бірмағанбетова дүниеден озды. Бұл туралы "Қостанай" арнасы хабарлайды.
Кеңес Бірмағанбетова 1950-інші жылы Қостанай облысының Аманкелді ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық кітапханадан бастап, кейін «Көркем сөз оқу» мамандығы бойынша білім алып шықты.  Елімізге танымал «Гүлдер», «Шертер» ансамбльдері мен «Қазақконцерт» бірлестігінде концерт жүргізушісі міндетін атқарды. Торғай облыстық теле-радио компаниясында ұзақ жыл жемісті еңбек етті. 2000- 2016-шы жылдары Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрында «сахна тіліне жаттықтырушы» ретінде жас мамандарды тәрбиелеуге сүбселі үлес қосты. Кеңес Бірмағанбетованы соңғы сапарға шығарып салу рәсімі бүгін Қостанай қалалық мешітінде өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓