Алаяқ “табысы” – 20 млн теңге

Полицейлер «FIVE WINDS Asset Management» компаниясының атын жамылған алаяқтан жапа шеккен жандарды іздейді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.пирамида2017 жылдың 1 ақпанынан 2018 жылдың 30 мамырына дейінгі аралықта 40 жастағы әйел өзі құрған қаржы пирамидасы арқылы азаматтарды алдап келген. 
"Алаяқ әйел «FIVE WINDS Asset Management» компаниясының төлемдері әлдеқашан тоқтатылғанын алдын ала біліп алып, инвестициялық портфель ашқан. Қостанай қалалық ІІБ-не сан соғып қалған 20 шақты адам шағым түсірді. Шығын сомасы – 20 млн теңгеден артық", – делінеді хабарламада. 
Бұл дерек бойынша, ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 
Қуаяқтың алдауына түскен облыс тұрғындарынан қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне 52-60-54 немесе  8 775 968 04 72 арқылы хабарласу сұралады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓