Тұқыл үшін тұтқындалды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қостанай ауданына қарасты Мәскеу ауылының тұрғыны темекі тұқылын бейсауат тастағаны үшін тұтқындалды. Сот отырысында ер кісі кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады.бычок"Іс материалы бойынша, Мәскеу ауылының тұрғыны қоғамдық орын болып есептелетін жерге шылым қалдығын лақтыра салған. Солайша, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасына деген құрметсіздікті танытты", – делінеді хабарламада. 
Аудандық сот әкімшілік жаза тағайындалып, бір тәулікке қамауға алу шешімін шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓