Меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Рудный индустриалдық институты өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісімге қол қоюға Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А.Орымбаев және институт ректоры А.Найзабеков қатысты.2333
Құжаттың басты мақсаты-ТЖД мен РИИ арасында өзара тиімді ынтымақтастық пен ақпарат алмасу үшін серіктестік қарым-қатынас орнату. Тараптар студенттердің кәсіби тәжірибесін, семинарларды, ғылыми зерттеулерді өткізу туралы келісті. Сонымен қатар, бұл құжат азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білім беру, ғылыми және инновациялық қызмет саласындағы тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.1222
Жұмыс іссапары барысында облыстық ТЖД өкілдері "Горняк КРО" ЖШС барды, онда адамдар көп жиналатын жаңа жылдық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Ойын-сауық кешені залдарының бірінде кәсіпорын қызметкерлері және жұмысшыларымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық ұйымдастырылып, практикалық ұсыныстар берілді.
Сол күні белгіленген бағдарламаға сәйкес Рудный қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі екпіні сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған.79771304_596273677789598_2760185531915567104_n
Өз сөзінде А.Орымбаев қатысушыларды мемлекет Басшысының 2019 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген түзетулерімен таныстырды. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдар басшыларының олардың бағыныштылары жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілігін күшейтуді көздейді.
Жұмыс сапарының соңында А.Орымбаев бөлімше қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі және келе жатқан мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓