Іздеу салынады!

Полицейлер 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне қатысы болуы ықтимал күдіктіні іздестіруде. Тәртіп сақшыларының дерегіне сүйенсек, ол 20-30 жас аралығындағы ер адам. Үстіне ақ жейде, ала қысқа шалбар киген. Облыстық ІІД баспасөз қызметі күдіктінің болжамды суретін жариялады.KfyfZst_WrE
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Сол күні барлық полицейлер сағат 22.00-ден 23.00 аралығында Қостанай-Затобол тас жолы арқылы өтетін жүргізушілерден автокөліктердің бейнетіркеу құрылғыларының таспаларын тексерді. Өкінішке қарай, ертеңіне оның денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орманнан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге немесе оқиғаға қатысты қандай да бір дерегі бар адамдардан 102, 52-60-21, 52-60-22, 52-60-54 нөмірлеріне дереу қоңырау шалу сұралады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓