Филармония концерт маусымын жапты

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы жылды жоғарғы дәрежеде аяқтады. Себебі, биыл өнерпаздарымыз облыстық деңгейде ғана емес, республикалық, халықаралық сахналарда өнер көрсетіп келді. Басты жаңалығымыз – маусым айының басында облыстық филармонияның «Ақжелең» фольклорлық ансамблі Мысырда өткен халықаралық байқауға қатысты. Бұл біз үшін жоғарғы жетістік. Халық аспаптарынан құралған ансамблдің өнерін Египет халқы жылы қабылдады.«Ақжелең» ансамблі  Құрманғазының күйлерін, Қорқыттың қобыз сарындарын, Сүгір мұраларын қасиетті қара домбыраның үнімен шебер жеткізе білді. Аталмыш байқау Мысыр теледидарларының  тікелей эфирінен берілді. Біздің өнерпаздар «Бас қосу» атты үш сағаттық бағдарламаға қонақ ретінде қатысты.АҚЖЕЛЕҢ
Сонымен қатар, биыл қазан айында Арман Жүдебаевтың, Береке Еңкебаевалардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сүндет Байғожиннің «Туған жер» атты ән шашуы да қостанайлықтарға арналды. Кеште«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері Мейір Байнеш пен Айзада Қапанова ән салды. Осынау концертті қала тұрғындары екі сағат бойы тапжылмастан тамашалады. Кеш соңына қарай Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеумін біраз әндер орындалды.IMG_9530
Қазақ халық аспаптар оркестрінің он жылдығына арналған Халықаралық дирижерлер форумы өтті. Форумға Өзбекстанның халық әртісі, дирижер Фарух Садықов, Астана қаласындаңы Өнер Университетінің профессоры Ануар Нүсіпбаев,  Орыс камералық «ЛАД» оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, РФ еңбегі сіңген әртісі Сергей Безбородов, РФ еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Владимир Лавришин қатысты.
Ресей төрінде өнер көрсеткен Ольга Квитканың жетістігі біз үшін мәртебе. 12 маусым күні«Костанайские зори» Челябі облысына барып, облыс намысын қорғап қайтты.SERG_517-сайт
Елорданың 20 жылдығына орай облыста Астана күндері өтті. Осы мәдени шараның аясында Қостанай тұрғындары елордалық өнерпаздардың «Астанадан ақ тілек» атты концертін тамашалады. Біздің өнерпаздар да Астанаға барып, жоғарғы дәрежеде өнер көрсетті.SERG_435-сайт-768x512
Әрине, биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі – Домбыра күні. Айтулы мерекеге облыстық филармонияның өнерпаздары қатысты.SERG_765-сайт-768x512Концерт маусымы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» саябағында өткен Астана күніне арналған шарамен аяқталды. 
Келесі концерт маусымы тамыз айында басталады. Филармонияның шығармашылық ұжымы облыстық спартакиадаға, одан соң Астанадағы республикалық фестивальге барады. Алдағы жылда қостанайлықтарды жақсы жаңалықтармен қуантамыз!
 
SERG_018
 
 
 
Дәмір Қалқаев,
Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық
филармониясы директорының міндетін атқарушы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓