Үш қабатты ғимарат өртенді
Бүгін сағат 00:33-те Қостанай қаласы Пушкин көшесіндегі 230 үй өртенді. Ғимарат – үш қабатты, бірінші қабатында дүкен мен монша орналасқан. Өрт аумағы 400 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен сағат таңғы 04:49-ға дейін алысты. Төтенше жағдайға 8 арнайы техника мен жеке құрамнан 31 адам жұмылдырылды. Өртің шығу себебі анықталуда. Қазір оқиға орнында сынама өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер жоқ.