Прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

Оның денесі Қостанай ауданы аумағындағы орманнан табылды. Қостанай қалалық прокуратурасы суицид дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
Марқұмның денесі 5 мамырда сағат 11:30 шамасында орман ішінде ағашқа асылып тұрған жерінен табылған.
"1994 жылғы 8 тамызда туған Д-ың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі сотқа дейінгі тегргеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және мүдделілікті болдырмау мақсатында бұл шара Қостанай ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.
Д. еңбек жолын Денисов аудандық прокуратурасында бастаған. Соңғы атқарған лауазымы — Қостанай қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры. Жалпы еңбек өтілі — 4 жыл.
Қызметкердің артында әйелі мен кәмелетке толмаған баласы қалды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓