Берешек белшеден
Қостанай облысында күзге қарай бүлдіршіндерді балабақша кезегіне қоюды электронды режимге өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы әкімдік жиналысында білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова мәлім етті.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жыл басында Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларындағы балабақша кезегіне қою мемлекеттік қызметін электронды режимге көшіруді 2018 жылдың аяғына дейін бітіруге тапсырма берген.
-Бүгінгі таңда мәслихаттың облыстық сессиясы Қостанайдағы балабақша кезегін 1 қыркүйекке дейін электронды режимге көшіруге 24,5 млн теңге қаржы бөлді. Басқа қалалар мен аудандардағы жағдай бойынша әлі нақты ақпарат жоқ, – деді Б. Даумова.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде облыстағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 99,7%-ы балабақшамен қамтылған. Биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қосымша 505 орын ашу жоспарда бар.
Сондай-ақ, әкімдік жиналысында инженерлік-коммуналдық жүйелердің жағдайы және қарызы бар тұрғындар туралы мәселе қозғалды. Бұл туралы жауапты басқарма басшысы Алмат Исенбаев баянады. Оның айтуынша, облыс тұрғындарының қарызы белден асады. Әсіресе, Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларында.
-Жылу маусымына дейін сануалы күндер қалды. Алдағы жылды қарызбен бастауға болмайды. Жеке сот орындаушыларымен ақылдаса отырып, заңға сәйкес шара қолданыңыздар. Қарыздар уақытылы қайтарылуы тиіс,-деді облыс басшсы.