Браконьер 170 келі балықпен ұсталды

Әулиекөл ауданында, Мырзакөл көлінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, 170 келі балық аулаған қостанайлықты ұстады.-Рейдтік іс-шаралар барысында 48 жастағы ер адамның "Volkswagen" автокөлігінен бірнеше жәшікке салынған 160 келі тұқы мен 9 келі мөңке тәркіленді. Сонымен қатар, балықшыдан тыйым салынған аулау құралы алынды. Браконьердің балық аулауға уәкілетті органнан алған рұқсатнамасы жоқ екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі ("балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері өңір аумағында балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 111 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынған.
Полиция өңірде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға бағытталған мобильді топтар жұмыс істейтінін атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓