Алаяқ әйел абақтыға тоғытылды

Қостанай облысының Лисаков қалалық соты Лисаков қаласында бірнеше ұрлық жасады деп айыпталған 1989 жылы туған Александра Сарсеноваға қатысты сот үкімін шығарды.
2015 жылдың 5-маусымында А.Сарсенова Қостанайдан Лисаков қаласына барып, бірнеше қылмыстық әрекет жасаған.
Сарсенова бейтаныс бірнеше үйге келіп, телефон шалуды өтініп, алаяқтық арқылы үйге кірген. Қожайынның өзге бөлмеге кеткен сәтін пайдаланып, ол бөлемеден сөмке, сыртқы киім немесе басқа да құнды нәрселерді жымқырып отырған.
Осындай әдіспен 27 жастағы әйел бес жәбірленушіге 100 000 теңгеден астам залал келтірген.
Сот үкімімен А.Сарсенова ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 2,3 тармақтары бойынша айыпты деп танылып, оған жалпы тәртіптегі колонияда 2,5 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық шағымы толығымен қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓