Үрейлі сандар ұлғая түсті…
Өткен демалыс күндері судан құрбан болған екі адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлайды.Қостанай қаласының "Дорожник" бақша қоғамы аумағында Тобыл өзенінен полицейлер мен жергілікті тұрғындар 81 жастағы кейуананың мүрдесін тысқа алып шықты.
Тағы бір оқыс жағдай кеше Қарасу ауданында болды. Қойбағар өзеніне 30 жастағы ер адам батып кетті. Ол өзен ортасындағы қайыққа жүзіп бармақ болып, орта жолда күші таусылып, суға тұншығып қаза болған.