10 жасар баланы көлікте қамаған
Қызметтік автокөліктен кәмелетке толмаған баланың табылу фактісі мен бұған қатысы бар күдіктіні анықтауға байланысты Қостанай облыстық ІІД-де қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды alau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қыземтінің дерегі бойынша, 19 қыркүйекте сағат 17:20-да Қостанай ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығындағы Павлов көшесінде тонаушылық болғаны туралы хабарлама алған.
«Оқиға орнына келген полицейлер зардап шеккен әйелді және қылмыстың жалғыз куәгерін анықтаған – ол 10 жасар жасөспірім болып шықты. Полицейлер тонаушылықты әшкерелеу үшін әйел мен баланы патрульдік автомашинаға отырғызып, қылмыс болған ауданды қарамақшы болған», – делінген ІІД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Облыстық ведомствода атап өткендей, 7 минуттан кейін полиция қызметкерлері баланың тұрғылықты мекенжайына келіп, оны әкесіне тапсырған. Сол күні жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 14 жасар күдіктіні анықтады. Кәмелетке толмаған баланы заңды өкілінсіз жергілікті полиция қызметінің қызметтік автокөлігінде болу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.