Мотошеру өтті

Мотошеру облыс орталығында өтті. Ол "Мотоцикл, скутер, велосипед" жедел алдын алу шарасы аясында ұйымдастырылған. Шараға жергілікті полиция қызметі өкілдері және SteppeRiders MCC мотоклубының байкшылары қатысты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.IMG_1423
Шараны өткізудегі мақсат – мотоцикл, мопед (скутер) және велосипед жүргізушілеріне сақтық ережелерін ескерту, жол тәртібі бұзылуының алдын алу, аталған көлік иелерінің қатысымен болатын оқыс оқиғалар санын азайтуға ықпал жасау. IMG_1430Тәртіп сақшыларының айтуынша, көптеген жол апаты мотоциклшілер қатысымен болған. Айталық, жыл басынан бері ондай 4 дерек тіркеліп, олардың бірі қайғылы оқиғамен аяқталды. Қалған үшеуінде жүргізушілер ауыр жарақат алған. Бұл жағдайлардың бәріне, өкінішке қарай, қос дөңгелекті тақымдағандардың өздері кінәлі болады екен. IMG_1424Сондықтан шараны ұйымдастырушылар аталмыш көлік иелерінің назарын өздеріне аударып, жол ережесін сақтау тактикасын көрсетіп, сақтық амалдарын естеріне салды. Мотошеру "Астықжан" СҮ аумағынан түс кезінде басталды, өйткені осы мезгілде Қостанайда күн сайын жолдағы көлік қозғалысы күшейеді. Қатысушылар қаланың тең жартысын аралап өтіп, жағалаудағы саябақ маңында тоқтады. Сол маңда қостанайлықтарға үнпарақтар таратып, жол қозғалысы ережелерін түсіндірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓