2 млн теңге пара алған
Қостанай қаласының №2 сотында пара алуда делдалдық жасады деп айыпталған Юрий Григоренкоға қатысты сот үкімі шығарылды.
Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың тамыз айында «Нұр Жарық Сервис» ЖШС-нен белорусстық бағдаршам құрылғыларын жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес келмейтін қазақстандық «Светоклом» ЖШС өнімдеріне ауыстыру туралы өтініш туралы Ю.Григоренко білген. Уәкілетті тұлға Д.Жансейітовтың аталған жайтты оңтайлы пайдаланып делдал арқылы «Нұр Жарық Сервис» ЖШС-нен 2 миллион теңге көлемінде пара талап еткен. Делдал болған Григоренко 17 тамыз күні ЖШС басшысынан ақша алып, кейін қайтару ниетімен 10 000 теңгені өз қажеттілігіне жұмсаған.
Сол күні Меңдіқара ауданының Архиповка ауылында сағат 21.34-те Ю.Григоренконы Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдері қолға түсірген.
Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 368-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылған Григоренкоға 3 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы сот залында тұтқындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.