Құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Мұз сарайы мен бассейннің құрылысын тексеруге барды. Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Оның ішінде Юбилейный шағын ауданындағы Мұз сарайы бар. Мұз сарайының құрылыс алаңы 8 мың шаршы метрден асады, ол көрермендер үшін 2500 орынға есептелген.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында аймақ басшысы ауданы 3775,3 шаршы метр болатын бассейнге барды. Бассейн ваннасының көлемі – 50 метр. Ол 10 жолаққа бөлінген, бұл олимпиадалық стандарттарға сәйкес келеді.
Бүгінгі таңда спорт нысандарының құрылысы аяқталу алдында. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты нысандардың ашыл рәсімі кейінгі шегерілді.
Сонымен қатар, ол тұрғын үйлер құрылысымен де танысты. Нысандарда жоспарланған барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Соңында облыс әкімі Қайрат Ахметовке барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓