Көктемеген көшеттер
Көктемде ғана көшелерге отырғызылған көшеттер көктемеді. Көңілдің көншімегені сол – талдармен бірге қаншама қаржы құр бекерге "солып" қалды. Міне, қостанайлық тұрғындардың наризалығын тудырған жай осы. Қазір олар жаппай оталуда. Семген талдармен қоса, бүр ата бастағандары да сұлатылып жатқанын айтады тұрғындар. Олар қураған көшеттерді суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге салуда.
Ал, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі нысанның қайта қалыпқа келтіруге берілмегенін айтады. Сәйкесінше, төлем жүргізілмеген. Қайта қалыпқа келтіру жұмыстарынан соң екі жыл көлемінде мердігер нысанға кепілді түрде бас-көз болады, әсіресе жасылдандыруды жіті бақылауда ұстайды.
Бұл нысанға "ВАКХСТРОЙ" ЖШС жауап береді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер өз қаражаты есебінен Герцен көшесіне күзде қайтадан көшеттер отырғызады.
"Алау" ақпараттық порталы мәліметтері бойынша