Әлеуметтік жоба іске асырылуда
"Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ тапсырысымен жасалған "Қазіргі уақыттағы діни ағымдар қызметінің мәселелері бойынша халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру және діни ағымдар қызметіне бақылау" әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады.
Жобаны жүзеге асырушы – Қостанай облыстық "ҚР тәжірибелік машығы бар психологтар қауымдастығы" қоғамдық ұйымы. Ұйым "Ислам бағытындағы діни ағымдардың болмыстары мен зияндары" атты алғашқы семинарын өткізді.
Семинарға облыстық ақпараттық-насихат тобы қатысты. "Негізгі мақсат тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру. Семинар барысында дін мәселелері жөніндегі толымды ақпаратпен Торғай боксит кен басқармасында жас мамандардан 70 адам және "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалында әлеуметтік қорғалмаған топ өкілдерінен 20 адам қамтылды" – дейді бөлім басшысы М.Айтмағанбетова.
Тамыз айында басталған әлеуметтік жоба ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғаспақ.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.