Білім ордасына – 130 жыл

IMG_3484Қостанай өңірінде алғашқылардың бірі болып іргетасы қаланған қарашаңырақ    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына биыл 130 жыл. Бір жарым ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы бүгінде заманауи талаптарға сай өз қызметін абыроймен атқарып келеді. Талай тұлғаны тәрбиелеген оқу ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, адам танымастай өзгерді.
Жаңа оқу жылында білім ошағында 420 оқушы  білім алмақ.  Биыл 5 сыныпқа 104 бала 300 оқушының ішінен іріктеліп алынса, 44 оқушы мектепті бітіреді. Оның 5-і "Алтын белгіден" үміткер. Мектептің 282 балаға шақталған 2 жатақханасы бар.
Білім ордасының түлектері әрдайым түрлі олимпиадалар мен жарыстарда топ жарып, алдыңғы орындардан көрініп келеді. Мысалы, 2013-2014 оқу жылдарында мектепті аяқтаған 49 оқушының 40-қа жуығы мемлекеттік грантты иеленген. ҰБТ қорытындысы бойыша  да республика бойынша 4-ші орынды иемденіпті. Білім ошағы биік белестерді бағындыруда. 
IMG_4444IMG_4444Өңірдің дарынды шәкіртері мен білікті ұстаздарының басын біріктірген алтын ұя мерейтойын кең көлемде атап өтуде. Айтулы күнге орайластырылған  мәдени шаралар өткен оқу жылында бастау алып, әлі де жалғасып жатыр. Сондай келелі жиынның бірін қалалық кітапхана қызметкерлері мен білім ордасының ұстаздары бірлесе ұйымдастырды.  Мектеп мұражайында өткен тағылымы мол жиынға ұзақ жылдар ұстаз болған Беген Көпешев қатысты. Ақсақал бір кездері осы мектепті бітіріп, кейін білім ордасының  директорлық қызмет атқарды. Ерекше сыр-сұхбатқа толы  жиынға қатысқан оқушылар талай тың деректерге қанықты.
Мешіт Ғазиз.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓