Қыз суға батып кетті
12 шілдеде Лисаков қаласында болған қайғылы оқиға туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. "Рұқсат етілмеген жерде мас күйінде шомылып, суға батып кеткен 26 жастағы қыздың денесін жергілікті тұрғындар өзеннен алып шықты", – делінеді ведомство хабарламасында.
Естеріңізге салайық, күні кеше ғана екі жеткіншек судың құрбаны болған еді. Сондай-ақ, Гагарин бөгетінде шомыламын деп опат бола жаздаған.
Құтқарушылардың күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуіне қарамастан, қайғылы оқиғалар жиі қайталанып жатыр… Тәртіп сақшылары тұрғындардан шомылу кезінде сақ болуға шақырады.