Автобус жүргізушілері 352 рет жол ережесін бұзған

5-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында полиция қызметкерлері "Автобус" жедел алдын алу іс-шараларын өткізді. 
Қорытындысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 352 дерегі анықталды. Көлікті қайта жабдықтауды заңсыз іске асырғаны үшін 13 жүргізуші, рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтпеген 5 жүргізуші, міндетті техникалық тексерісті елемей жүрген 21 жүргізуші жауапқа тартылды.
"Техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлікті басқарғаны үшін 21 жүргізуші, жылдамдық тәртібін сақтамағаны үшін 2, рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескені үшін 41, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 72 жүргізуші жауапқа тартылды. 11 заңсыз тасымалдаушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус парктерінің 17 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды", – деп толықтырды ПД баспасөз қызметкерлері.
ПД қызметкерлері ТЖД-мен бірлесіп, 193 автобустың өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін, электр жабдықтарының жай-күйін тексерген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓