Ұялы телефонды тартып әкетті

Облыс орталығында Павлов-Баймағамбетов көшелерінің қиылысында 31 жастағы ер адам жүргіншінің қолынан ұялы телефонын тартып әкетті. Бұл қылмысты Жедел басқару орталығының камерасы тіркеді. ЖБО  инспекторы сол жердегі жол-патруль полициясына хабар берді. Күдікті алысқа ұзамады. Ұрланған телефон тәркіленді. Енді күдікті қарақшылық жасағаны үшін заң алдында жауап беретін болады.
Сол күні түнде Дулатов көшесінде 19 жастағы жігіт бір қыздың қолынан ұялы телефонын тартып алды. Жәбірленуші қыздың айқайын естіген патруль полицейлері көмекке келді. Ұсталған жұмыссыз жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық ІІД  баспасөз  қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓