Ел сөзінен

Шығармашылық адамы болған соң,  көрген-білген,    оқыған-тоқыған, жазған-сызғандарды түртіп қойып, жинай беретін әріптестеріміздегі ежелгі әдет бізде де бар. Қалт еткенде, ақтарып қарасам, оқырманмен қайта бөлісетін, ұмытқанды еске түсіретін  ойтүрткі дүниелер кездеседі екен. Бір парасын сіздерге ұсынып көрмекпін.поэзия
• Заман өзгерді: дос көзге мақтайтын болды, дұшпан сырттан мақтайтын болды.
• Қазақ шапан жапқанға бұрынғыдай шын қуанбайтын болды. Тыз етпелік қауһары ғана бар. Шапан былайша жарасымды көрінгенімен, тұрмысқа икемсіз.
 * Жаңа  тұрпаттағы қандастарымыз  ұлттық жәдігерлерді менсінбейтінді шығарды.
*    Көз алдымызда болып жатқан келеңсіздікке тек қана билік кінәлі деп үстірт кетеміз. Кінәліні іздесең, өз ішімізде жүр.
*    Өзінің қазақ екенін сезінбейтін, оны ашық айтатын  қандастарымыз  пайда болды.
*    Ұрпақ жасып барады. Ақсақалдың аузынан дуа кеткен заманда үлкеннің сөзін кім тыңдайды?
*  Жайдақсыған жалғандықпен  бір-бірімізді өтірік мақтап, көлгірсіген немкетті әдетке үйір болып барамыз. 
*  Асықтың түрін білгенмен бүгі мен шігін ажырата алмайтын жастар бар. Асық ойынын бүгінгі талғамға сәйкестендірмесек, ертеңгі күні шет жұрттар асықты да өздеріне  теліп алады.
* Халықтың бай рухани мұрасын санасына сіңірмеген шалажансар буын билікте көбейді.  Бұл солақайлық  халықтың бай мұрасын кей жағдайда мәнсіздендіріп, салмағын жеңілдетіп жібереді.
*  Ақыл-кеңес бергеніңді мұқият тыңдап, жазғаныңды шоли оқып, күлімсірей қабылдаса да, іштей сені жақтырмай, осы да білгішсіне береді деп ойлайды. Бұл  қолында билігі бар лауазымды тұлғаның әдеті.
 *  Қазіргінің үлкені де, кішісі де, оқушысы да, студенті де көшіргіш. Ғаламтордан ала салады.
* Санаға сілкініс тудырып, жігеріңді шыңдайтын, қабілет-қарымыңды ұштап, өмірге деген құлшынысыңды арттыратын қозғаушы күш керек.
• Ұлттық санада сілкініс болғанда ғана, ұлттық намыс қайтадан оянады.
• Біреуге беріп жағасың, біреуге еріп жағасың.
 
(Жалғасы бар)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓