“Жалған терроризмнің” зардаптары
Соңғы уақытта елімізде жарылғыш зат қойылғандығы жайлы жалған ақпаратпен тұрғындарды дүрбелеңге салу жиілеп кетті. Қалың бұқара мен құзырлы органдарды сеңдей соқтырғандардың жазасыз қалмайтынын айта кеткен жөн. 5 жылда Қазақстан Республикасында жалған терроризм үшін 160 адам қылмыстық жазаға тартылуы осының айғағы.

Жоғарыда аталған жазадан басқа осындай қылмыс жасау мемлекетке де материалдық шығын әкеледі, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру нәтижесінде тұрғындар арасында үрей, қорқыныш туындайды. Жарылыс затын іздеуге және залалсыздандыруға көп адам саны жұмылдырылады. Мәселен, ауданды қоршау, адамдарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдай қызметінде күш пен уақыт қажет етіледі.
Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаушылар өз істерінің неге әкелетіндігін бас бостандығынан айырылу және мемлекетке келетін зиян туралы бас қатырмайды. Техникалық мүмкіндіктердің арқасында барлық қылмыс дереу ашылып, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес қылмыстық жазаға тартылады.
Федоров ауданының прокуратурасы.