Үздік ұстаздар атындағы сыйлықтар
Аманкелді аудандық білім бөлімі 2013-2014 оқу жылының қорытындысын шығарып, үздіктерді анықтады. Жаңа оқу жылы қарсаңында сол үздіктерге кезінде ауданымыздың құрметті ұстаздары болған Қоңыртай Таукенов, Сәлімгерей Кәкімов, Жұмабике Баймұратова, Халима Бектұрова атындағы сыйақыларды салтанатты түрде тапсырды.

С.Кәкімовтің ұрпақтары екі сыйақы белгіледі. Оның бірі үздік ұстазға, бірі – үздік оқушыға беріледі.
Бұл сыйақылар осымен үшінші жыл беріліп отыр. Оларды аталмыш ұстаздардың әулеттері тағайындаған. Ол сыйақылар жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында тапсырылады.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ