Ірі көлемде есірткі затын шекарадан алып өтпек болған…
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 250 б.4 б., 259 б. 3 б. "в" т., 24 б. 3 б., бойынша айыпталған азамат А.-ға қатысты сот үкімін шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылдың маусым айында А. Қырғызстан Республикасының Баткент облысы аумағында салмағы 19 келі 513 грамм болатын героинді 50 қалтаға бөліп салып, Опель-Вектра автокөлігінің ішіндегі елеусіздеу жеріне жасырған. Бір айдан соң А. мемлекеттік шекара және кеден одағы арқылы Қазақстан Республикасы шекарасына 19 келі 513 грамм героинді контрабандалық жолмен жеткізген.
Қылмыстық әрекетін жалғастырған сотталушы А. аталған тыйым салынған жүгін Жамбыл облысындағы "Қордай" кеден бекетінен ҚР аумағында Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстары бағыты бойынша тасымалдап, Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы "Қайрақ" шекара бақылау бөлімшесіне дейін жеткізеді.
"Қайрақ" ШББ аумағында шекаралық бақылау өткізу кезінде ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлері Опель-Вектра автокөлігінен 50 қалтаға салынған есірткі затын әшкерлеген.
Сот үкімімен А. ҚР Қылмыстық Кодексінің 250 б.4 б., 259 б. 3 б. "в" т., 24 б. 3 б., баптары бойынша айыпты деп танылып, оған 16 жыл қатаң тәртіпті колонияда жазасын өтеу және мүлкін толық тәркілеу жазасы тағайындалды.
Есірткі иемденіп, жазаланды
Федоров аудандық сотының 31 қазандағы үкімімен 33 жастағы Федоров ауылының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 259 бабының 1-1 бөлімі бойынша 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол есiрткi заттарын сатқаны, заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін деген айып тағылып отыр. Сотталушының осы жылдың тамыз айында Қашар ауылында салмағы 3,14 гр. болатын героин сатып алғаны да анықталды. Сол күні полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен оны ұстады.
Заңсыз есірткі сатумен айналысқан
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің "б,в" тармақтары бойынша азамат В.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотталушы В. Рудный қаласында заңсыз героин есірткі затын 6 полиэтиленді орамаға салып, кейін өзінің қылмыс әрекетін жасыру мақсатында оларды Рудный қаласындағы үйінің жанындағы өз бақшасында 2 түп шие ағашының астына жасырған. Жалпы салмағы 24,64 грамм болатын есірткі затын кейін сатпақшы болған екен. Бұдан кейін, полиция қызметкерлі жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында В. арнайы іс-шараға қатысушы "Смирновқа" 1 полиэтиленді орамдағы есірткі затын заңсыз сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес 4,54 грамм героин екені анықталды. Осылайша, сотталған В. есірткі затын заңсыз сақтап және сатқан, бұл қылмыстық әрекетін бірнеше рет қайталаған.
Сот ҚР ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің "в" тармағы бойынша қылмысты жасаған азамат В.-ны кінәлі деп танып, оған тиесілі мүлікті тәркілеумен, қатаң тәртіптегі түзеу колониясында жазасын өтеумен, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ
Материал облыстық соттың баспасөз қызметінің көмегімен дайындалды.
Коллажды жасаған Денис ВЛАСЕНКО.