Біріксек – күшпіз
Тобыл өңірінде қоғамдық құрылымдардың көмегімен 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Есеп беру кездесуінде облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков тұрғындардың қауіпсіз орта құруға қатысуын, сондай-ақ азаматтық белсенділер тарапынан полицейлерге көмек көрсетуді ерекше атап өтті.



Аймақта полиция жұмысының сервистік моделін енгізу барысында қазір Қостанай қаласының оңтүстік бөлігінде пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Биыл өңірдің барлық қалалары мен аудандарында полицияның сервистік моделін кеңейту жоспарланған.
Сондай-ақ, есепті кездесуде Қостанай облысы полиция департаментінің 2023-2026 жылдарға арналған үлгілі полиция мәдениетін құру тұжырымдамасы әзірленгені айтылды. Онда азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікке қажеттіліктеріне бағдарланған полиция жұмысын трансформациялау жөніндегі шаралар көзделген.
Қ.ҚИЫСХАН,
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.