«Жасыл экономиканы» жүзеге асыру – маңызды науқан

Әлемнің көшбасшы 30 мемлекетінің қатарына қоршаған орта мен табиғи ресурстардың барынша бүлінбей өтуі аса маңызды мәселе. Бұл тұрғыда «Жасыл экономика» концепциясының орны айрықша. Біздің Қостанай өңірі де ауыл шаруашылығының тұрақты әрі тиімділігі жоғары дамуы, энергияны үнемдеу мен оны арттырудағы тиімділік, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару, ауаны ластауды азайту мен экожүйені сақтау жағынан бірқатар ауқымды жұмыстар атқаруда. «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың Қостанай облысында іске асырылуы маңызды науқан.
valilikhakimat-3
Бұл жөнінде аймақтық әкімдікте өңір басшысы А.Мұхамбетовтің жетекшілік етуімен және аудан-қала әкімдерінің онлайн қатысумен өткен селекторлық мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы басшысы міндетін атқарушы С.Қалиев баяндады.
Айта кету керек, экожүйені басқаруға табиғи аумақтарды айрықша қорғау (ТААҚ) құзырындағы орман, балық шаруашылықтары мен табиғат ананы қорғау міндеттері жатады.
– Қостанай облысы аумағының 1,2% ғана орман ағаштарына тиесілі. Әкімдік құзырында 455,9 мың га мемлекеттік орман қоры болса, оның 230,8 мың га жасыл желек өсіп тұр. Орман қорғау мекемелерін қаржыландыру жылдан жылға артып келеді. Атқарылған нәтижелі шаралардың арқасында өңірдегі орман көлемі 2013 жылдан бері 15,9 мың га артты, – деді С.Қалиев.
Тобыл-Торғай аймағында омыртқалы жануарлардың 401 түрі немесе Қазақстан фаунасының 57% мекен етеді. Оларды аң шаруашылығы мекемелері бірнеше аумақ бойынша қорғауға алған. Бір қуантарлығы, соңғы он жылда аймақта жабайы аңдар саны бірнеше есеге артқан. Бұл рұқсатты аң аулау туризмінің дамуына өз септігін тигізуде екен. С.Қалиев облысымызға 500 шетелдіктің құмарын басу үшін саятшылық құруға келгенін айтты.
Қазіргі таңда аймақтағы су көздерін ластанудан қорғау мен оның алдын алу өзекті мәселеге айналып отыр. Дегенмен өңірдегі Тобыл, Торғай, Тоғызақ, Құндызды өзендерінің кейбір елдімекендердегі бөліктері тазалаудан өткен.
Ш.Аңсағанқызы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓