Санитарлық бекеттер алынады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Барлық енгізілген ұсыныстарды қарап шығып, штаб 2020 жылғы 7 желтоқсаннан бастап, келесі жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылданды:130185329_386430802579547_8925616676588925559_n
1) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын жұмыс күндері сағат 23:00-ге дейін, азық-түліктік емес тауарлар тобын өткізу жөніндегі сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын сағат 22:00-ге дейін ұзартуға;
2) – жабық спорт объектілерінің, оның ішінде фитнес орталықтарының жұмыс күндері адам қабылдау санын 30%-дан асырмай, сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;
– аквапарктер мен термопарктерге жұмыс күндері толымдылығын 30%-дан асырмай, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін;
– санаторийлер, профилакторийлерге,  демалыс базаларына толымдылығын 30%-дан асырмай жұмыс істеуіне;
– жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленіп, әр топтағы адамдар санын 15-тен асыртпай, балалар үйірмелерінің, факультативтерінің жұмысына рұқсат етілсін;
3) қалалық көлік және такси қозғалысының жұмысын сағат 23:00-ге дейін ұзартуға рұқсат етілсін;
4)14 желтоқсанда  сағат 00:00-ден бастап, маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын міндеттей отырып, халықтың көшеде еркін жүруіне рұқсат етілсін;
5) Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларының периметрі бойынша орналасқан санитарлық бекеттер алынсын.
 
"Құрметті қостанайлықтар, сіздерді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша ұсынылған барлық шараларды қатаң сақтауға шақырамын. Сондай-ақ, ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда елді мекендерге жолға шықпауларыңызды сұраймын. Егер облыста эпидемиологиялық жағдай нашарласа, қатаң карантиндік шараларды қайта енгізуге мәжбүр боламыз", – деді жиын соңында Архимед Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓