Газ баллон бағасы қымбаттады

Бұған дейін литрі 69-70 теңге болып келген, құтылы отынның бағасы 1 шілдеден бастап 75 теңгеге дейін көтерілді. Бұған көгілдір отын тасымалдауға кететін жанармайдың, электр қуаты мен темір жол бағасының 2-3 есе қымбаттап кетуі себеп болып отыр, – дейді облыстық баспасөз орталығында журналистермен кездескен «Қостанай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасы» ММ энергетика бөлімінің бас маманы Ю.Сахно.4zqPmkJQy58
Облысқа көгілдір отын жеткізумен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ айналысады. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығы ішінде аталған компания өңірдегі газ таратушы мекемелерге 20684,1 тонна сұйытылған газ жеткізген. Бұл мерзім ішінде көгілдір отын тапшылығы байқалған жоқ.
Бүгінде облыста 3 газ таратушы мекеме жұмыс істейді. Әлеуметтік желіде бұл мекемелердің газ бағасын өзара құпия келісім жасау арқылы қасақана көтергені туралы алыпқашпа әңгіме тараған болатын. Ю.Сахно бұл жайтқа қатысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Қостанай облыстық департаменті тарапынан тексеріс жүргізілетінін жеткізді.
 
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓