Қалалық қызмет қадағаланды

Бірінші нысан – Дружба елді мекені. Бұл аумаққа су тасқынының қаупі Жданов, Қостанай ауданы мен Майкөлден күтіледі. Осы аралықтағы құбырлар тағы бір тексеріліп, 12 темір-бетонды тақта төселді.IMG_0082– Тау-сай су желісінде 3 құбыр орнатылған. Ждановтағы қар көлемі жылдағыдан әлдеқайда көп түсіпті. Соған байланысты қосымша сақтандыру жұмыстарын жүргіздік. 2013 жылы Луговая көшесінің бойындағы 30 үйге су тиді. Сондықтан мұндай олқылыққа жол бермеуіміз керек, – деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Теменов.IMG_0052«Қазгидромет» орталығы мамандарының айтуынша, сәуірдің басына дейін ылғалды ауа температурасы сақталады. Әсіресе, оңтүстік аудандарда суық ауа температурасы әлі екі-үш аптадай сақталмақ.
Облыс әкімі Қостанай-2 ауданында болды. Арнайы техникалардың дайындығы бір пысықталды.IMG_01099– Біздің қорда 5000 қап цемент материалдары, 1600 метр куб қиыршық тас бар. Қиыршық тастың көлемі 20х40 шамасында болу керек. Одан кішкентай тастар ағын суды тоқтатуға септігін тигізе алмайды. Сағат сайын кезекші қойыңыздар! Телефон қоңырауларын үнемі назарда ұстаңыздар. Қар еріп жатқанда жаңбыр жауса, жүк үстіне жүк сонда болады. Сондықтан былтырғы жағдай қайталанбасын! – деп ескертті А.Мұхамбетов.IMG_0094Алдағы уақытта Жоғарғы Тобыл мен Қаратомар су қоймалары тағы бір тексеріледі.   
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Айбек Жүзбай 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓