Абайсыздық – абыройсыздық
Қостанай облысында Тобыл өзеніне екі адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 4 шілде күні сағат 16:00-де Тобыл өзеніне 1982 жылы туған ер адам батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Дәл осы күні кешкі сағат 19:00 шамасында облыстық ТЖД құтқарушылары Тобыл өзенінен 1984 жылы туған Қостанай ауданы тұрғынының денесін алып шықты. Оның тыйым салынған жерде шомылғаны анықталды.
Облыстық ТЖД облыс тұрғындарын суға түсу ережелерін сақтауға шақырады.