Елдар Күзембаев – Арқалық қаласының әкімі
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк жергілікті мәслиxатпен келісе отырып, қала активіне жаңа әкім Елдар Күзембаевты таныстырды. Ол бұған дейін Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі болып келді. Елдар Қонысбайұлы 1982 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және 2005 жылы қаржыгер мамандығына сәйкес М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Әр жылдарда Қостанай облысының Заң департаментінде басқарма басшысы, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ