Елдегі барлық қылмыстың 4,5 пайызы облысымызға тиесілі

– Алайда өңірде жыл басынан бері тоғыз айда 27 қасақана адам өлтіру оқиғасы тіркелген. Аймақта есірткі қылмысы да азаяр емес. Онымен күрес те күшті. Тек Қостанай-Сұрған тас жолында 108 келі марихуана, Рудный қаласында 176 келі есірткі заты, ал Әулиекөл ауданында 3 келіден астам гашиш тәркіленген, – деді министр.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері өңірімізде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар саны 37 пайызға, яғни, 51-ден 70-ке артыпты.
Осы мәселелерді алға тартқан Ішкі істер министрі Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығына жұмысты қатаңдатуды тапсырды.
