Торғайға теміржол келді Бүгін Арқалық–Шұбаркөл теміржолы іске қосылады
Айтатыны жоқ, тарихи оқиға! Торғай төсі тұрғындарының талай жылдар бойы арман еткен ісі жүзеге асты.
"Қазақстан–2050" стратегиясында аталып көрсетілген Арқа-лық–Шұбаркөл теміржолы енді тәуелсіз Қазақстанға қызмет етеді. Сол арқылы біз енді тікелей Қытай мен Еуродаққа шығамыз.
Алдын ала жоспар бойынша, дәл бүгін Шұбаркөл көмірін тиеген алғашқы поезд Еуродаққа сапарға аттанады. Ал Арқалық болса Соколов-Сарыбай кең өндірістік бірлестігінде шығарылған темір рудасы концентратын алғаш рет Қытайға жөнелтеді.
– Бұл арайлы Арқалықтың бүгіннен бастап тынысы кеңейе-ді, ол бұрынғы томаға тұйықтықтан арылып, транзиттік мәртебеге ие болады, яғни сыртқы қарым-қатынас жанданады деген сөз, – дейді Арқалық қаласының құрметті азаматы, қарт қаламгер Жақсылық Жүнісұлы.
Сонымен бірге ел экономикасы үшін теңдесі жоқ екінші бір жол – Жезқазған-Бейнеу теміржолы да бүгін ашылмақ.
Бұл Каспий теңізіне шығу жолын 500 шақырымға қыс-қартады, сол арқылы Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінде Қазақстан рыногын дамытуға серпін береді.
Бүгін Жезқазғанда Елбасының қатысуымен телекөпір өткізіледі деп белгіленген.
(Тарихи оқиғаның бел ортасында болып, оқырманға толық ақпарат беру үшін біздің тілшілер тобымыз кеше Арқалыққа жүріп кетті.)
Сәлім
МЕҢДІБАЙ