“ҮЙІ ЖОҚТЫҢ КҮЙІ ЖОҚ” БҰЛ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАЛАЙ ШЕШІМІН ТАБАДЫ?

IMG_4295цв1Өңір басшысы Нұралы Садуақасов осы аптада аппарат мәжілісінде облыстық құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндіруді жаңа деңгейге көтеру жөнінде келелі кеңес өткізген-ді. Рас, қазір елімізде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы индустриясы жанданып келеді.
Қазақстан Үкіметі 2000 жылдың ортасынан бері тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі бірнеше бағдарламаларды қабыл-дағаны әмбеге аян.
Бірақ олар қаншалықты орындалып жатыр, өңір-лерде дамуы қалай? Міне, осы сауалдар оқырмандарымызды жиі толғандыруда. Сол негізде журналистік тұрғыдан зерттеу жүргіздік. Тұрғын үй құрылысын дамытудың сонау 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған бірнеше бағдарламаларын сараптап, оқырман сауалына жауап іздедік. Әлгінде ғана әңгімелеген "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының негізінде салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жай-жапсарымен танысып, оған қажетті құрылыс материалдарын өндіретін өңірлік өндіріс ошақтарының хал-ахуалын білдік.
IMG_3888цв1Әсілі, аталған бағдарламалар өз міндетін атқаруда. Бірақ, қаншалықты деңгейде екен? Бұл жайында Нұралы Садуақасов бірнеше мәліметтерді алға тартты. 2012 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі күрт төмендеп кеткенін, соның салдарынан баспана бағасының да өскенін әңгімеледі. Сол үшін де Үкімет тұрғын үй құрылысының көлемін сақтау үшін 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Қазір әкімдіктер "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" арқылы несиеге берілетін баспаналардың құрылысын  жүргізудің жаңа схемасы тұрғысында біраз олқы тұстарын түзей білді.
Тұрғын үй құрылысы индус-триясын жаңғыртуда біздің өңір айтарлықтай жетістікке жетуде. Себебі, жаңа индустриялық әдістер баспана құнын арзандатуға және ірі панельді үй құрылысының салыну мерзімін азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша эконом-кластағы шағын габаритті тұрғын үйлерді жобалау ісін  және олардың құрылысын "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", "Қазақстандық ипотекалық компания" сияқты қаржы IMG_3981институттары арқылы дамытуда. Қазір өңірде тұрғын үй құрылысы салынатын жер телім-дерін түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Маңызды мәселелердің қатарында аталған жер телімдерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де бар. Бірінші кезекте, сапалы, арзан құрылыс материалдарын қолдану қажет. Бүгінгі таңда өңіріміз өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ, тұрмыстық тауар өндірушілерді жан-жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тау-арларының бәсекеге қабілет-тілігін арттыруды мақсат етуде.
Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу үшін құрылыс техникасын пайдалануды, сапалы құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі жақсартып, ішкі нарыққа енгі-зуді жоспарлау шарт. Кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасайтын кәсіпорындар өңірімізде жеткілікті-ақ. Бірақ, соңғы жылдары олардың өнімдері күрт төмендеп кетіпті. Себебі, өнімге деген сұраныс азайған көрінеді. Облыс-тық сәулет және қала құрылысы басқармасының дерегіне сүйенсек, құрылыс материалдарын өндіретін 143 кәсіпорынның 49% облыс орталығында орналасқан. Бетон өнімдерін өндіретін "Romana", "БК-Стройпром", IMG_3972"Кос-танайщебень", "Алюминстрой", "Рудныйсоколов-строй" сияқты кәсіп-орындар өз өнімдерін сапалы шығаруда. Қиыр-шық тас шығаратын 10 кәсіпорынның  өндірген өнімі биылғы жылы 727 мың текше метрді құрап отыр. Бұл, әрине, аздық етеді.
Биылғы жылдың маусым айында іске қосыл-ған "Қостанай МБИ" ЖШС-нің үй құрылысы комбинаты, "ЕвразКаспианСталь" кәсіпорындары осы олқылықтың орнын толтырады деген үміттеміз. Себебі, құрылыс материалдары жеткіліксіз немесе сапасыз болса, тұрғын үй құрылысы индустриясының дамуы да тежеліп қалады.
2014 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы дерекке сүйенсек, үй құрылысын қаржыландыруға жалпы көлемі 521 млн теңге жұмсалып, облыс бойынша 85,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Яғни, 2013 жылмен салыстырғанда 51%-ға артқан көрінеді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында (50,1%), Рудный қаласында (13,2 %) және Қостанай ауданында (17,4 %), олардың жалпы үлесі 80,8% құрап отыр. Осы жылдың басында кезекте тұрғандар үшін Қарабалық ауданында жалпы көлемі 3,3 мың ш.м. IMG_3961цв60-пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға енгізілді.
Тағы да осы бағытта Қостанай, Рудный қалаларында жалға берілетін 3 тұрғын үй (жалпы көлемі 16,4 мың ш.м.) мен Қостанай ауданында 4 нысанның жобасы жүзеге асырылуда. Коммерциялық және жеке тұрғын үйдің құрылысы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен 82,2 мың ш.м. үйлер пайдалануға енгізіліпті, оның ішінде тұрғындардың өз қаражаты есебінен 67,5 мың ш.м. (542 үй), коммерциялық құрылыс салушылардың және кәсіпорындардың есебінен 14,7 мың ш.м. (148 пәтер) беріліпті.
Өңір басшысы Нұралы Садуақасов осы жайттардан хабардар болып, сәулет және қала құрылысы басқармасына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
– Ең алдымен тұрғын үй құрылысы индустриясын одан әрі дамыта түсу керек. Қазір тұрғын үйге кезекке тұрушылардың саны артып отыр. Біз мұны ескеруіміз қажет. Тек қана Қостанай қаласында ғана емес, әр қала мен ауданда да тұрғын үй салу мәселесін жоспарлауымыз керек, –  деді Нұралы Садуақасов басқарма басшылығына.
Иә, "үйі жоқтың күйі жоқтығын" жақсы түсінген әкім өңіріміздің басқа да қала мен аудан орталықтарында жалға берілетін тұрғын үйлердің санын арттыра түсуді көздеп отыр. Ол үшін құрылыс материалдарының саны мен сапасы да анағұрлым жақсы болуы қажет.
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
СУРЕТТЕ: Қостанай қаласы №3 мектеп жанында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысының  еңбеккерлері.
СуреттеРДЕ:  құрылысшы жас мамандар.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓