Мүгедектерге мереке сыйлады

"Кедергісіз келешек" және "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында "Нұр Отан" партиясы ҚОФ жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты қаламыздағы психоневрологиялық интернат үйінде мерекелік концерт ұйымдастырды.
крнІс шараға "Ровесник" педагогикалық отрядының белсенділері мен қостанайлық жас өнерпаздар қатысты. Жастар ән айтып, билеп, сахналық көріністер қойды.
– Біздің интернатта психиологиялық ауруға шалдыққан 300 мүгедек тұрады. Оларға әлеуметтік қолдаумен қатар моральдық көмек керек. Жас отандық-тардың мүмкіндігі шектеулі жандарды ескеріп, мәдени шара ұйымдастырып отырғаны қуантады. Бұл дегеніміз жастардың тарапынан жасалған үлкен қадам,-деді психоневрологиялық интернат үйінің директоры Нәзима Асанова.
Аталмыш акция үлкенге құрмет көрсетіп, мүгедектерге, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көңіл бөлуге үндейді. Жастардың осынау ниетін интернат үйінің тұрғындары жақсы қабылдады. Өрендердің өнеріне қол соғып, ризашылықтарын білдірді.
– Қарттарға қамқорлық ретінде ардагерлердің үйін аралап, шаруаларына қолғабыс етіп отырамыз.  Қыс мезгілінде аулаларды қардан тазалап, жазда күл қоқыстан жинаймыз. Жасы үлкенге қол ұшын беру кейінгі толқынның парызы, – деді "Жас Отан" ЖҚ атқарушы хатшысы Ерлан Төлетаев.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓