Сахнада – өнерлі отбасылар
Аталмыш шара елімізде аталып өтетін Отбасы мерекесіне арналған. Онымен қоса мұғалімдер күні, Тәуелсіздіктің 25 және облыстың 80 жылдығын да тоқайластырып отыр. Сайысқа барлығы 32 отбасы қатысқан екен. Олар – облыстың әр аймағынан келгендер. Қатысушылар 3 кезең бойынша сынаққа түсіп, бүгінгі күні үздіктер түрлі номинация бойынша марапатталды.



Байқауға қатысқан жанұялардың бірі – Алтынсарин ауданын келген Жақсылықовтар отбасы. Олар бүгінгі шараға ерекше дайындықпен келген. Отағасы Зейнеке Хамза – Обаған ауылының әкімі. Отанасы қобызшы, үлкен қызы да қобызшы, үлкен баласы өлең айтады. Кіші ұлы да, кенже қызы да өнерлі. Төрт бала тәрбиелеп отырған Жақсылықовтардың үйінде отбасылық дуэт те бар. Бүгін олар биді де билеп, қобызда да ойнап береді.


Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ