Ұлттар достығы ұлықталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Родина ауылындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлттар достығы» фестивалі өтті.ассамбл
Бұл сайысқа Родина ауылы әкімінің аппараты – қазақ халқының, орталық кітапхана – орыс халқының, отбасылық дәрігерлік амбулатория – украин халқының, Родина орта мектебі – неміс халқының және «Шаруашылық – А» ЖШС – татар халқының мәдениетін нақыштап көрсетті.
Жалпы, мерекелік іс-шарға қатысқан ұжымдар қызу дайындықпен келгендіктерін айқындатты. Сайыс қазақ жерінде тұратын өзге ұлт өкілдерінің жергілікті халықпен тығыз байланысын, достығын көрсете білді.
Мерекелік шара қорытындысында Арқалық қаласы әкімдігінің «Шаруашылық – А» ЖШС (басшысы Г.Кәрімова) І орынды, Родина ауылы әкімінің аппараты (ауыл әкімі Б.Төлегенова) ІІ орынды және Родина орта мектебі (директоры Т. Раисов) ІІІ орынды иеленіп, жүлдегерлер және барлық қатысушылар грамотпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.
 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓