«Апельсин» ашылды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қаладағы "Апельсин" сауда орталығының ашылуына қатысты. Негізі, сауда нысанының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Екінші қабаты желтоқсан айының басында пайдалуға берілмек. Бірінші қабатында азық-түлік және тауарларға арналған сауда залы орналасады. Бұл сауда орталығының жалпы ауданы – 11 мың шаршы метр. Толық іске қосылысымен 500 жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
WhatsApp Image 2019-11-17 at 10.58.45(1)
– Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында облыс орталығында жаңадан салынған нысанның ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Сауда орталығы инвестициялық қаржыға салынған. Барлығы 1 млрд 550 млн теңге жұмсалды. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары жақсы жағдайлар жасалған. Өңірімізде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді. Тұрғын үйлер мен қатар өндірістік, әлеуметтік, іскерлік нысандарда көптеп салынуда. "Апельсин" сияқты сауда, қызмет көрсету саласындағы мұндай нысанның облыс тұрғындары үшін маңызы зор. Орталықтың ашылуы өңірде кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізіп, Қостанайдың инвестициялық тартымдылығын еселей түсері анық., – деді облыс әкімі.
WhatsApp Image 2019-11-17 at 10.58.45(2)
Сауда орталығының директоры Валерий Калашников айтқандай, мемлекет басшысы жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу мәселесін басты басымдыққа жатқызды. 
WhatsApp Image 2019-11-17 at 10.58.45(3)
– Мұндай ғимарат ең алдымен инвесторларды тарту қажет. Тиісінше, қызмет көрсету деңгейі жоғары болады. Оның үстіне сауда нысанының қалаға көрік беріп тұратыны өз алдына. Алдағы уақытта бұл орталыққа келушілер оның сапасына өз бағаларын беріп, ризашылықтарын білдіретініне сенемін. Ғимарат маңына спорт алаңын салуды жоспарлап отырмыз, – деді В.Калашников.
Айта кетейік, "Апельсиннің" ашылу құрметіне орай 2 автокөлік тұрғындарға ұтысқа беріледі. 
WhatsApp Image 2019-11-17 at 10.58.45
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓