Тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті
Қостанай облысында жанып жатқан тұрғын үйден 2 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін Ұзынкөл ауданында болған. «Сағат 04:00-де Бауман ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады. Тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 06:30 шамасында сөндірілді. Өрт сөндірушілер, жанып жатқан үйден 2 газ баллонын оқшаулады», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне.
Алдын ала болжам, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.