“Жолда қабылдау” акциясы басталды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен, халықпен кері байланысты, полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін 5 және 6 сәуір күндері еліміздің барлық өңірлерінде мобильдік «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін болады. Еліміздің барлық өңірлерінде, қалалар мен аудан орталықтарында полиция департаменттерінің, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметі басшылары азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізеді.
Елді мекендерде азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар барады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымдана алады немесе полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы біле алады және ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Республика бойыншабарлығы 250 мобильдік қабылдау пункттері жұмыс істейтін болады. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика басшылары да жұмыс істейтін болады.
«Жолда қабылдау» акциясының өткізілетін орны және әрбір қала мен аудандағы мобильдік пункттердің орналасуын ІІМ-нің порталынан http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/Reception_on_the_road сілтемесі арқылы, сондай-ақ полиция департаменттерінің кіші порталында және ішкі істер органдарының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі