Радикалды ұйым құрықталды

"Хабар" агенттігі қаңтардағы қайғылы оқиғалар туралы деректі фильм шығарды, онда тәртіпсіздіктердің толық хронологиясы көрсетіліп, болған оқиға туралы егжей-тегжейлі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Фильм титрларында келтірілген мәліметтерге сәйкес, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде елде радикалды "Йакын Инкар" жақтаушылары ұсталған. Олардан қару-жарақ, гранаталар, патрондар, діни брошюралар тәркіленді.
Айта кетейік, бұл ұйымның қызметіне Қазақстанда 2018 жылы тыйым салынған болатын. Сол кезде Бас прокуратурада "Йақын Іңкәр" Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи Жамааттың" еншілес ұйымы болып саналатыны түсіндірілді. Бұл қозғалыстардың мақсаты – билікті күшпен құлатуды, қолданыстағы заңдарға, соның ішінде Конституцияға бағынбауды көздейтін "халифат" құру. Ұйымның ізбасарлары әлемде басқа діндердің өмір сүру құқығын жоққа шығарады. Бұл Қазақстан заңдарына сәйкес, экстремизм деп танылады.
Айта кетейік, тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйымдар мүшелерінің қатысуы туралы бұған дейін Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин де айтқан болатын.
Қазақстанда қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер салдарынан кемінде 225 адам қаза тапқан. олардың 19-ы – полицейлер мен әскери қызметкерлер. Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша 1800-ден астам қылмыстық іс қозғалған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓