QUEST – біліктілік бәсекесі

Қостанайда мемлекеттік қызметшілер арасында іскерлік ойын-квесті өтті.  Біліктілік арттыру семинарының бұл жаңа тәсілі ҚР мемлекеттік қызметінің құрылғанына 20 жыл толуына арналады.IMG_7367
 
IMG_7370Алғаш рет ұйымдастырылған іскерлік ойынның мақсаты – азаматтардың барлық санаттарының қажеттіліктерін ескере отырып, қызмет көрсету барысындағы мемлекеттік қызметкердің құзыреттілік үлгісін құру. Бұл әр ауданнан келген тыңдаушылардың біліктілігін, сауаттылығын салыстырып, озаттарын анықтауды көздейді.WhatsApp Image 2018-06-20 at 15.39.01
Ойынды ұйымдастырушылар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, ХҚКО-ның №1 бөлімі, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және "Фирма "Конструктивті шешім" ЖШС.
Семинар бойы жалғасатын іскерлік квесттің өз ережелері бар. Топ-топқа бөлінген ойыншылардың барлығы, емтихан тапсырған есепте, бір кісідей жұмыс істейді. Жалпы саны төрт команда белгіленген қозғалыс бағыты бойынша жүріп өтіп, бірнеше "бекеттегі" тапсырмаларды орындауы тиіс. Олардың жұмыс істеу уақыты қатаң қадағалауда болады. Осы талаптарды сақтай отырып, барлық қатысушы Тәуелсіздік көшесіндегі ХҚКО-да, Қасымханов көшесіндегі Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында орналастырылған станцияларда тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындады. Әр бекеттің атауы бар. Олар – "Инклюзивті тәсіл", "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері", Клиентке бағдарланған мінез-құлық", "Қызмет сапасын бақылау". Осы бекеттердің сұрақтарынан мүдірмей өткендер ғана ойынның жеңімпазы атанады.WhatsApp Image 2018-06-20 at 15.39.19
– Біліктіліктілікті арттырудың мұндай қызықты тәсілін алғаш рет көріп отырмын, – дейді Әулиекөл ауданы Новонежин селолық округінің бас маманы Серік Смағұлов. – Тобымыздың намысы үшін де, өзімізді жан-жақты сынау үшін де барлық тапсырманы жылдам әрі сапалы орындауға тырыстық. Енді әр команда жобаларымызды слайд түрінде қорғамақпыз. Біз мемлекеттік қызметті тамырлы, мәуелі ағаш, ал жемқорлықты соның өзегіне түсетін жегі құрт бейнесінде көрсетеміз. Идеямыз төрешілерге ұнайды деп ойлаймын.IMG_7360
Арнайы тағайындалған қазылар мен сарапшылар квестке қатысушыларға белсенділік, біліктілік және ұқыптылықтарына қарай баға берді. Қорытындысында №1 команда ойыншылары жеңімпаз атанда. Олар мадақтамамен марапатталып, әрқайсысының жұмыс орнына қызметкердің құрмет тыс қалмауы өтініш етілген хат жолданды.IMG_7369
 
IMG_7390
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓