Жылуға берешек белден асады

Аудан әкімдерінің коммуналдық қызметтер үшін қарыздарын азайту жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Жаңа жылу маусымына дайындық мәселесі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен отырыста басты мәселе болды.жылу
Облыс әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы А.Исенбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі көрсеткіш бойынша бүгінде  халықтың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 714 млн. теңгеден асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 миллионға көп. Соның ішінде 558 млн теңге жылуға, 80 млн теңге суға, 47 млн теңге жарыққа, ал 28 млн теңге газға көрінеді.
-Берешек көлемі жағынан Қостанай қаласы тұрғындарының қарызы 508 млн теңгені құрап отыр. Соның ішінде 437 млн теңге жылуға. Қостанайлықтардың жылуға деген қарызы өткен жылмен салыстырғанда 88 млн теңгеге көбейіп отыр, – дейді А.Исенбаев.
Бұл мәселе бойынша Жітіқарадағы жағдай да мәз емес. Жітіқаралықтардың бүгінде 84 миллион теңге қарызы бар. Ал, Арқалық қаласы керісінше қарызды 5,5 миллионға қысқартқан.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов берешегі белден асқан қала әкімдеріне бұл мәселеде сылбырлық танытпай, тұрғындардан қарызды талап ету жұмыстарын күшейтуді қадап тапсырды.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓