Жанарың солмасын десең…

Әулиекөл аудандық ауруханасына осыдан бірер жыл бұрын ерлі-зайыпты жас маман Әлімжан мен Әсел Мейірмановтар келген болатын. Жас жұбайлардың екеуі де дәрігер. Әлімжан – терапевт, Әсел – окулист. Жастар мемлекеттік бағдарлама аясында пайызсыз несие алып, баспанаға қол жеткізді. Енді өз жұмыстарын жемісті атқаруда.
– Бүгінгі ақпарат дамыған заманда адамдар, әсіресе балалар жағы теледидарға, ком-пьютерге көп үңіледі. Соның салдарынан көз жанарлары талып, зардап шегеді. Алдыма көмек сұрап келетіндер көп. Әрине, жас болғандықтан көпті үйренуге тырысып жатырмыз. Аудан тірлігіне төселіп, үйреніп кеттік. Баспаналы да болдық. Бұл жас отбасы үшін үлкен көмек деп ойлаймын. Егер ауруханада көз ауруларын анықтайтын аппаратуралар болса тіптен жақсы болар еді, – дейді Әсел.
Әулиекөл ауданы.