Арманы алдаған жоқ

Ол шалғайдағы шағын ауылдың баласы еді. Ес білгелі қазақтың кәдуілгі тұрмысынан басқаны жанына сіңірмеген. Бірақ, өзі тетелес ауыл балаларына әлімсақтан таныс кәсіп: әкім болуды, шен тағып, милиция атануды немесе қотан толы қой бағып, шаруа болуды армандаса, Жәнібектің қиялы тым басқа болатын. Үй маңынан таяқ тастам жердегі мектептен біздің Жәнібек ылғи асықпай қайтушы еді. Кітап толы портфелін иығына асып, айналадағы әсемдіктің бәрін таспаға басқандай, сөмке арасынан сығалап қарайтын. Мектеп ауласында асыр салып ойнаған оқушыларды, әріректе күншуақтап, жайылып жүрген қозы-лақты портфелімен аңдып отырады. Осылайша, қит еткен нәрсенің бәрін қиялдағы «камерасына» түсірумен үйге де жетіп қалатын. Оның өзінде жаулығы желпілдеп, күйбең тіршіліктің қамымен ерсілі-қарсылы жүгіріп жүрген анасының шақыруымен келеді. Ол анасының даусын ести сала, сөмкесін құшақтай үйге жүгіретін-ді.Q6001CB1Rwg Кейін атасының соңынан еріп, ауыл-аймақты аралап, қарт аузынан көненің әңгімесіне қанық болып өсті. Талайлар түлеген Торғай төсіндегі түрлі тарихи оқиғалар мен өмірден өткен батыр тұлғалардың ерліктеріне тәнті болатын. Соның бәрін өз ойымен сабақтап, қиял елегінен, көз алдынан өткізеді. Алайда Жәнібек үшін қызықтың бәрі кешке қарай басталатын еді. Ойын баласы даладағы бар ермекті тауысып, үлкен үйдің төріне тартады. Ол мұндағы көк жәшіктен көп әсер алатын. Әр кеш сайын шетелдік фильмдерге телміріп, кірпік қақпай қарайды. Балиғатқа жаңа толған жеткіншек ол фильмдердің мән-мағынасын қайдан білсін, түсініп отырмағаны белгілі. Тілі де жат. Жәнібекті баурайтыны ол емес. Ол батыс режиссерлері түсіретін атыс-шабыс, фантастикалық фильмдерге таңғалушы еді. Сондай туындыларды дүниеге әкелуді армандап, болашақ кинорежиссер болуды аңсайтын.
Уақыт өте келе Торғайдан шыққан жас талап бала күнгі арманына қол жеткізді. Ауылдан арман қуып, Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының табалдырығын аттады.fmK_pKjQhQsИә, қарт Торғай өңірінен кино және театр өнеріне еңбегі сіңген, елімізге танымал талай дарынды актерлер шыққаны белгілі. Тізбектер болсақ, Әнуар Боранбаев, Өзбек Мұқашев, Шәрбану Шоманова, Досжан Жанботаев сынды мақтаныштарымыз бар. Тарихта қалар түрлі образдарды сомдаған әртістер болса да, тамаша туындыны, тұтастай фильмді түсіретін режиссер біздің өлкеде бұрын-соңды шықпаған еді.jX_eUU_Y7nsМіне, осылайша, Жанкелдин ауданына қарасты Көлқамыс ауылының тумасы Жәнібек Кәкімжан киноиндустрияның көшіне ілесті. Жерлесіміз оқуын биыл ғана тәмамдап, қызыл дипломын қолына алды. Дегенмен бүгіндері талантты жастың өнерін көпшілік бағалап үлгерді. Жоғарғы оқу орнында жүріп-ақ Жәнібек қысқаметражды үш бірдей фильм түсірді. Әзірге қоржында «Боранды түнде», «Кәусарым» және жазушы Т.Әбдіктің шығармасы бойынша түсірілген «Оң қол» атты туындысы бар. Өнердегі бір топ ағаларының демеуімен Қостанайда «Кәусарым» филімінің тұсаукесері де өткен-ді. Көрермен қауым тамашалап, оң көзқарасын білдірген. Көлқамыстан Көктебеге ұмтылған жас жігіт бойындағы бар өнерін осылайша дәлелдеп келеді.
Алғашқы курста оқып жүріп қысқы демалыста ауылына сағынышпен оралған ол Ғабит Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесінің желісі бойынша 15 минуттық фильм түсіреді. Тырнақалды туындының актерлері де ауыл тұрғындары. Жәнібектің өнеріне тежеу болмай, қостай кеткен жерлестері тәп-тәуір фильм түсіріп шығарды. Кейінгісі де осы Көлқамыстың бойында өрбиді. «Кәусарым» филімінде жас балалардың пәк сезімі, алғашқы махаббаты көрініс табады. Әуелгідей емес, Жәнібек өз мамандығына үйренісе түскен. Аз-кем тәжірибе жинақтағаны осы туындысынан байқалады. Фильмнің желісін де өзі жазып шыққан. Аты аталған кинолардың барлығы Жәнібектің өз маңдай терімен түсірілген. Себебі арнайы техникасыз, актерлік білімі жоқ қарапайым ауыл балаларының еңбегі. Фильмнің өне-бойы бір ғана камерамен түсіріледі. Мұның бәрі ешқандай арналардан көрсетілмесе де, әлеуметтік желілер арқылы барша көрерменге жетті.
Бойда бар өнерімен туған жердің атын шығарып, елдегі ер есімдерін жаңғыртуға бел буған Жәнібек оқу жылын тәмамдар шақта қазақтың біртуар жазушысы әрі өзінің даңқты жерлесі Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасына фильм түсірген болатын. Бұл әңгіме жазушы Төлен ағамыздың да бағын ашқаны рас. Осы туындысы арқылы жерлесіміздің есімі тек ел ішін емес, шет елге де асып кеткен еді. Тың идея, ғажап сценарий Жәнібектің де шығармашылығына оң өзгеріс әкелді. Адамзаттың болмысындағы тылсым дүниені барынша бейнелеп көрсеткен ол білікті мамандардың жоғары бағасына ие болады. Аз уақыттың ішінде ғаламторда таралып үлгерген Жәнібектің бұл фильмі оған әсте танымалдылық сыйлады. Біразы жас өреннің өнеріне тәнтілік білдіріп, ризашылғын жеткізеген. Енді бірі сыни пкірін айтып жатты. Алайда мұның бәрін жас режиссер жақсы қабылдайды. Сол арқылы өзінің кем тұстарын оңалтып отырады. Үйренері әлі алда.
https://www.youtube.com/watch?v=wMx1Xp3KqiA
Жәнібек бес жыл оқуын бітірген соң бірер ай «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істейді. Мол тәжірибенің ортасы дерсің. Талай қазақ киносының тарихына өшпес із қалдырған бұл шаңырақтың жас маманға берері көп. Үйренуге таптырмас мекен. Аз ғана уақыт ішінде алмас қылыштай боп шығары анық. Соны тиімді пайдалана білген біздің Жәнібек «Қазазақфильм» орталығына алғысы шексіз екенін айтады. Ол Көктөбеде көп тұрақтамай, өзінің туған жеріне бір табан жақындайды.qDbX_ute99wҚазір Жәнібек Кәкімжан Қостанайдағы облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында техникалық бөлімнің қызметкері. Елге оралуының да себебі бар. Басты себеп – туған жердің атын шығару.
-Біздің Қостанай өңірінің тарихы бай. Мен сияқты жас режисерлердің өнеріне арқау болар тарихи оқиғалар мен шығармалар жетерлік. Соларды негізге ала отырып, келешекте жақсы фильмдердің жарық көруіне себепші болғым келеді. Сондай-ақ, кино өндірісі Қостанайда кенжелеп қалған. Осы тұрғыда аз да болса, өз үлесімді қоссам ба деймін. Мұнда бірігіп жұмыс істеуге біраз азаматтар қол ұшын бергелі отыр,-дейді режиссер.de04QcigFdcРежиссердің бұл қадамы қуантады. Қостанайда кино түсіріле бастаса, туған жердің тұлғалары кеңінен насихатталып жатса, марқайып қалар ма еді Тобыл-Торғай жұрты. Қазіргі таңда Жәнібек бауырымыз тағы бір фильмнің сценариін жазуда. Әзірге оны құпия сақтауды жөн санайды. Бірақ, жуық арада көпшілікпен бөлісуге уәде етті.f2NZ1gKKXvA
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

1 Response

  1. Лаура айтты:

    Торғай талай дарындыларды шығарған мекен ғой!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓